«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесудің өтуі туралы АНЫҚТАМА

№51 ОМ                                    20.02.2019 жыл

    №51 орта мектептің акт залында 20.02.2019 жылы Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.А.Айхимбеков, Қордай аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ басшысы Н.Төлеуишов, Қордай аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция инспекторлары, аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Б.Самақова №51 орта мектеп директоры К.У.нусипбаевамен бірлесе Қордай орталығының №1, 2, 3, 4, 5, 6, 47, 51 орта мектептерінің ішкі істер бөлімінің профилактикалық есебінде және мектепішілі есепте тұратын оқушыларға арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, өткізді.
    Кездесуге әр мектептен ата-аналар комитеттерінің мүшелері және мектеп директорларының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі шақырылды.

28.02.19-1

    Іс-шараны өткізудің басты мақсаты, жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, әр түрлі есепте тұратын оқушыларды дұрыс жолға қойып, тәртіптерін түзеу.
    Іс-шараны №51 орта мектептің директоры К.У.Нусипбаева ашып, жиналған қауымды келген қонақтармен таныстыру рәсімін жүргізді. Іс-шара барысында Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.А.Айхимбеков  және аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Б.Самақова оқушылармен тақырыпқа сәйкес сұхбаттасты. Сонымен қатар, Ювеналды полиция инспекторларымен ұсынған бейне таспалар көрсетіліп, №51 орта мектептің психологы Т.А.Эльшайдт баяндамасын оқыды.
Іс-шараның аяқталу кезеңінде Ювеналды полиция инспекторлары тарапынан, оқушылар арасында сұрақ-жауап әдісімен «Викторина» жүргізілді. Инспекторлардың құқықтық тақырыптарға қойылған сұрақтарына дұрыс жауап берген оқушылар, әр түрлі сыйлықтармен марапатталды.  

28.02.19-2

28.02.19

28.02.19

28.02.19

28.02.19

Директордың құқықтық
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т.Абдрасилова