«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесудің өтуі туралы АНЫҚТАМА

№42 ОМ                                    22.02.2019 жыл

Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысы Айхимбеков Азамат Амангелдіұлы, жергілікті полиция қызметі бөлімше басшысының орынбасары Мамыт Олжас Бақытұлы, Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Самакова Гульмира Батыралықызы және мектеп инспекторлары мен психологтарының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге №34, 38, 39, 40, 41, 42, 43 мектептерінің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары, ата-аналар, қамқоршылық кеңестерінің және ата-ана комитеттерінің төрағалары (төрайымдары) шақырылып, қатысты.

28.02.19-7

Жиналыста түрлі құқық бұзушылық тақырыптарында  видео роликтер көрсетіліп, кеңестер беріліп,  оқушылармен сұхбат жүргізілді.  Бүгінгі күнде аудан көлемінде орын алып отырған құқық бұзушылықтарға тоқталып, мәлімет берілді. Оқушыларға кез келген құқық бұзушылықтың өз болашағына балта шабу екенін, көптеген мүмкіндіктер мен жетістіктерге жетуге тосқауыл болатынын ескертіп түсінік жұмысын жүргізілді.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Керімқұлов Сәкен Әлдибекұлы өткізілген жиналыс туралы өз ойын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Іс-шараның аяқталу кезеңінде Ювеналды полиция инспекторлары тарапынан, оқушылар арасында сұрақ-жауап әдісімен «Викторина» жүргізілді. Инспекторлардың құқықтық тақырыптарға қойылған сұрақтарына дұрыс жауап берген оқушылар, әр түрлі сыйлықтармен марапатталды.  

 

28.02.19

28.02.19

28.02.19

Мектеп директорының тәрбие ісі жніндегі орынбасары Жарымбекова А.А