Анықтама 21.02.19 ж күні №24 орта мектепте «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу - басты міндет» тақырыбында өткізілген аймақтық кездесу туралы

Аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастырылуымен  21 ақпан күні №24 орта мектепте «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу - басты міндет» тақырыбында аймақтық кездесу өткізілді. Аталған іс- шараға Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Абдикеримов, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Г.Самакова, КТІЖБ-нің аға инспекторы Ж.Қосжанова қатысып, №23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 36 мектептерінің ата- ана комитеттерінің мүшесі, қамқоршылық кеңесінің төралары (төрайымдары), «қиын» топтағы оқушы, мектеп директорларының құқықтық тәрбие ісі бойынша орынбасарлары қатысты.

28.02.19-11

Іс- шара барысында КТІЖБ-нің аға инспекторы Ж.Қосжанова жасөспірімдердің арасында кездесетін қылмыстардың себептері, жасөспірімдер жасаған қылмыстың жауапкерішілігі туралы мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, темекі тарту, арақ ішу жəне нашақорлықтың кесірінен жасалған қылмыстар жайлы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы, жасөспірімдер бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасау туралы ұсыныстары айтылып. Оқушылар мен ата- аналар назарына бейнероликтер ұсынылып, еркін түрде әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар мектеп психологы Балашова Л.В «Психологические особенности подросткового возраста и их проявление в поведении» тақырыбында ата-аналар мен балаларға ұсыныстар берілді.
Іс-шараның аяқталу кезеңінде Ювеналды полиция инспекторлары тарапынан, оқушылар арасында сұрақ-жауап әдісімен «Викторина» жүргізілді. Инспекторлардың құқықтық тақырыптарға қойылған сұрақтарына дұрыс жауап берген оқушылар, әр түрлі сыйлықтармен марапатталды.  
    Жиын соңында Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Г.Самакова оқушыларға құқықтық міндеттер, ережелер, құқық қорғау және тәртіп сақтау жөнінде қажетті ұстанымдарды,  салауатты өмір салтын ұстануды насихаттай отырып, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастарға артатын үмітін еске сала отырып, еліміздің патриотты азаматы болуға шақырды. Кездесу барысында оқушылар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алды.

28.02.19

28.02.19

28.02.19

28.02.19

28.02.19


Мектеп директорының тәрбие ісі жөініндегі орынбасары Р.Пирниязова               

Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөініндегі орынбасары  Х.Сабырова