ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті  стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне енгізілген талаптарды  жүзеге асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылады.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды  Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері Ережедегі тараудың 2-параграфында немесе 3-параграфында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары Ұлттық білім беру деректер қорындағы тіркеуге сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өңірден тыс жерлерге орын ауыстыруын және олардың шығуын есепке алуды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік  оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік  оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығына сәйкес асырылады.
.          Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:
      13. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:
      1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайларды;
      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы"(бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
      3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
      7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) . осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

     2)..мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

      3). Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

      4). штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері;

      5).  ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

       1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2)  медициналық қызметке лицензиялар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

       4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

      5)  Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.";

Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдарының электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда  көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының (білім бөлімі) қағаз форматта жібереді.
             Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын  орналастыру  үшін  конкурсқа  қатысуға  ниет  білдірген  қатысушылар  құжаттар  жиналған пакетті   Қордай ауылы,  Жібек жолы көшесі №273 мекен-жайда орналасқан  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне  тапсыруы  тиіс.
Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.
Конкурсқа қатысу туралы  құжаттар Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Жібек жолы көшесі №273 орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі»  КММ–нің конкурстық  комиссиясымен өткізіледі.
. Комиссия мүшелері қатарынан айқындалған тұлғалар келесі 3 (үш) жұмыс күні  ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады. .
Білім беруді басқару органдары комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі  ұйымдардың  тізбесін қалыптастырады. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
       Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өзекті құжаттарды ұсынған жағдайда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

Конкурсқа қатысу туралы  құжаттар  2023  жылы  9 қазан күні  сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Жолданған  пакеттерді  ашу рәсімі  Қордай ауылы . Жібек жолы көшесі №273 орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі»  КММ –нің конкурстық  комиссиясыменен өткізіледі.
Пакеттер  2023  жылғы  16 қазан күні  сағат 15 - 00-де ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 /726 36/ 2-10-43 телефоны арқылы алуға болады.