Хабарландыру

Төмендегі қағидалар бойынша мемлекеттік комммуналдық қазыналық кәсіпорыны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің М. Төлебаев атындағы өнер мектебінің Қамқоршылық кеңес қайта сайланады:

1) Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына , сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсаты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
5) Білім беру ұйымының барлығын қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
6) Тиісті саланың уәкілетті ұйымына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршы кеңестің білім беру ұйымының жұмысындағы анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
7) Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы , оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы есебін тыңдайды;
8) Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге , семинарларға қатысады;
9) Білім беру ұйымының қызметімен , білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып олармен әңгімелеседі;
10) Өз кандидатураларыңызды ұсыныңыздар.
Мекен жайымыз: 080400 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы . эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .