Менингококкты инфекция

Жаздың басталуы, суға шомылу маусымының ашылу және халықтың көп жиналатын қоғамдық орындары, саябақтар менингококкты инфекцияның таралуы үшін өте қолайлы жағдай болып табылады.

Менингококты инфекция — түрлі клинкалық көріністермен сипатталатын симптомсыз бактериятасымалдаушы, назофарингит (мұрын және жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми кабатының қабынуы) және менингококты сепсис (инфекцияның қанға енуі) түрінде өтетін жіті бактериалды инфекциялық ауру.

Инфекцияның берілу жолдары: ауа-тамшылы жолмен сырқаттанған адаммен немесе бактерия тасымалдаушымен қарым-қатынаста болған кезде; су арқылы ашық су қоймаларда немесе бассейндерде, фонтандарда шомылу кезінде.

Клиникалық көріністері:сырқат жедел дене қызуының көтерілуімен басталып (37,5-38,0°C), бастың ауыруымен, мұрын бітуімен, жұтыну кезінде ауру сезімімен сипатталады. Менингококты менингит  дене қызуының кенеттен39-40°C дейін көтерілуімен, қалтыраумен басталады.Жалпы әлсіздік, құсу, сұйық нәжіс, қатты бас ауруы, тамақтың қабынуы, кейде бөртпе (теріде немесе ауыздың шырышты қабатында көпіршікті қызыл бөртпелердің болуы), іш пен бұлшықеттердің ауруы, әсіресе мойын бұлшықеттердің ауруы (бала басын көтере алмайды немесе түсіре алмайды), жарыққа қарай алмау, құрысу, мазалану, ұйқының нашарлауы, емшектегі балаланың еңбегінің ісінуі.

Қорғану шаралары: иммунитетті нығайту; бөлмелерді жиі желдетіп және ылғалды жинауды жүргізіп тұру; халықтың көп жиналатын қоғамдық орындарына, саябақтарға көп бармау; тыйым салған жерлерде шомылмау.