БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Кемелді келешекке – Кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасындағы форумы

Өткізу орны:                     Өтетін уақыты мен күні:
Аудандық мәдениет үйі             2019 жылдың 22 қаңтарда сағат 10.00

         «Кемелді келешекке – Кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасындағы форумы форумы өткізілді. Форум балалар мен жасөспірімдердің мемлекет пен қоғам өміріне қатысуын, балалар қоғамдық ұйымдарының рөлі мен мәртебесін арттыруды, патриотизм, көшбасшылық, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында балалардың әлеуметтік бастамаларын арттыруды көздейді.

27.02.19-1


Балалар мен жасөспірімдерге интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруды мақсат тұтады.
Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушыларының арасынан  «Жас Ұлан» ұйымының сапындағы көшбасшыларға арналған. 450 қатысушы (Аудандық Ұланбасылары мен белсенді жасұландықтары)
Форум аясында  топтық жұмыстар ұйымдастырылады. Форумның салтанатты кезеңі облыстың белсенді жасұландықтарын қабылдау рәсімі мен концерттік бағдарламамен жалғасады.
         Форумға қатысушылардың тәжірибе алмасуға, жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу машықтарын үйренуге, көшбасшылық біліктіліктерге, топпен жұмыс істеуге, жобалық жұмыстарға, ұжымдық ми шабуылын өткізудің жаңашыл тәсілдерін және өмірлік стратегияларды қалыптастырудың жаңа технологияларын меңгеруге мүмкіндіктері болады.     Форум балалар ұйымдарының, олардың идеялары мен жобаларын таныстыруға арналған ерекше алаң болып табылады.

27.02.19-2

27.02.19

27.02.19

Ұйымдастырушылар: Аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Балалар мен жасөспірімдер орталығы,
Байланысушы тұлға: Нұрқияс Айдана (+7 778 631 38 12)
Аудандық  байқаудың өтілуіне жауапты тұлға:
Абыкаев Азат Айбекұлы (+7  776 676 78 25).