ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

2020 жылдың 25 тамызында оқулықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.
Бүгінгі күні облыстық білім басқармалары мен білім бөлімдері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.

20 шілдеден бастап оқулықтарды тарату процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілді. Оқулықтармен 100% қамтамасыз етуді үйлестіру үшін арнайы ережелер әзірленді. Бұл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жөнелту, жеткізу және шығару процесін реттеуге мүмкіндік берді.  Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында pdf форматында орналастырылған
 https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/8388?lang=ru
Оқулықтардың жетіспеушілігі анықталған жағдайда, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
8 (2636)2 10 43 немесе Жамбыл облысының білім басқармасының 8 (7262) 43 88 14 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады