Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016 жылдың 6 айдын ішінде атқарған іс-шаралары туралы ақпарат

Бүгінгі таңда, аудандық білім бөлімінің қарамағында 49 мектеп (26738 оқушы), 30 балабақша (20 балабақша мемлекеттік  - 2890 бүлдіршін, және  10 жекеменшік балабақшада – 535 бала)  – барлығы  3425 бүлдіршін; 31 шағын орталық (1615 бала: оның ішінде 1 жекеменшік – 150 бала); 1 кешкі мектеп (7 пункт – 303 оқушы)  және 9 мектептен тыс мекеме (4419 бала) жұмыс атқарады:

-         Қордай ауылындағы БЖШО  - 980 оқушы;

-         М. Төлебаев атындағы өнер мектебі – 235 оқушы;

-         Отар ауылындағы БЖШО - 555 оқушы;

-         Қарасай ауылындағы «№1 Техниктер, туристер және натуралистер базасы» - 324 оқушы;

-         Масаншы ауылындағы «№2 Техниктер, туристер және натуралистер базасы» - 384 оқушы;

-         №1 Техникалық шығармашылық  және кәсіби  білім беру орталығы – 569 оқушы;

-         «Балауса» сауықтыру лагері – 600 бала демалады;

-         №1 «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық  орталығы» Кенен ауылы – 504 оқушы;

-         №2 «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық  орталығы» Қордай ауылы – 168 оқушы;

Білім саласына 2016 жылы жалпы 8 млрд. 130 млн. 622 мың теңгебөлінді, бұл 2015 жылмен  салыстырғанда 6 млрд. 308 млн. 639 мың теңге     22 % - ға артты, оның ішінде:

- Республикалық бюджеттен 2016 жылға – 2 млрд. 724,2 мың. теңге;

- Жергілікті бюджеттен 2016 жылға – 5 млрд. 406,4 мың тенге.

         Барлығы 464 бағдарлама бойынша  2016 жылдың  6 ай  ішінде  бөлінген қаражат – 4 млрд. 564 млн. 583 мың теңге игерілген қаражат 4 млрд 542 млн. 925 мың теңге, яғни  99,5%құрап отыр.

         2016 жылдың 6 ай ішінде бөлінген қаражат:

         - Республикалық бюджеттен – 1 млрд. 525,2 мың теңге;

         - Жергілікті бюджеттен – 3 млрд. 017,7 мың теңге игерілді.

         Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердың арасында білім беру бағдармаларын табысты (өте жаксы/жаксы) менгерген оқушылар үлесі 57%, 2016 жыл жоспары 105,4%-ға орындалды.

         Қазіргі таңда, мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивті біліммен қамтылуы 100%ды құрап отыр.

Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен және оқытумен  қамтамасыз  ету жөніндегі «Қазақстан Республикасында  білім беруді  дамытудың 2011 – 2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасы» ауданымызда  іске асуда.

Қазіргі таңда, ауданда мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен 5040бала  қамтылып,  1-6 жасқа дейін 43,6%, 3-6 жасқа дейін 69,9%, 5-6  жасқа дейін 100%ды құрап отыр. Оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен 13%, 2016 жыл жоспарі - 18% .

2016 жылы 30 балабақшаға – 3425 бүлдіршін (20 балабақша мемлекеттік  - 2890 бүлдіршін, және  10 жеке меншік балабақшада – 535 бала) барып, 31 шағын орталықтарына 1615 бүлдіршін қамтылып , 2015 – 2016  жылы мектеп  жасына дейінгі балабақшамен қамтылған балалар саны 5040 бүлдіршін, бүгінгі  уақытта  аудан бойынша мектеп жасына дейінгі қамтылатын балалар саны - 11147, бұл 45,2 % құрап отыр. Ауданда мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекте түрған балалар саны 2540 бүлдіршін.

Аудан оқушыларды  ыстық тамақпен қамтамасыз ету:

2015 жылы 49 аудан мектептерінің 1-11 сыныптағы 26738 оқушының  5450 бюджет есебінен жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, бүл көрсеткіш 20%- ды құрап  отыр,  балалардың  бір күндік  тамағының  құны 250 теңге, барлық  5450  бала ыстық тамақпен қамтылуда. Интернатта тәрбие алып жатқан 93 балалардың тамағының құны –500 теңге. Сонымен қатар, тұрмысы төмен 755 балаларды киім-кешекпен қамту үшін бюджет есебінен 7 млн. 550 мың теңге қаражат бөлініп жаңа 2016-2017 оқу жылы қарсаңында қамтылады.

     Аудан оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыру:

Ауданың 9 елді мекенінде: Сарыбүлақ, Жамбыл,Қасық, Ноғайбай, Шарбақты,  Алға,Отар,Керу,Күнбатыс-2 – 340 бала тасымалдаумен қамтылды. Атап айтқанда:

-         Ноғайбай ауылында – 32 оқушы;

-         Ноғайбай ауылында – 32 оқушы;

-         Шарбақты ауылында – 74 оқушы;

-         Алға  ауылында – 32 оқушы;

-         Қүнбатыс ауылында – 20 оқушы;

-         Керу ауылында – 7 оқушы, барлығы 168 оқушы;

Қордай ауданы әкмдігінің білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар:

-         Сарыбүлақ  ауылында – 11 оқушы;

-         Отар  ауылында – 88 оқушы;

-         Қасық ауылында – 22 оқушы;

-         Жамбыл  ауылында – 51 оқушы;

барлығы 172 оқушы ауыл әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып отыр.

      Ауданның  қамқорсыз қалған және жетім балаларға төлемдер:

2016 жылға 103 жетім балаларға, ата-аналарының қамқорсыз қалған балаларды күтіп ұстауға, асыраушыларына, ай-сайын ақшалай қаражат төлемдеріне Республикалық трансферттерден    бөлініп , бүгінгі таңда әр балаға 18494 теңгеден бөлініп 11 млн. 429 мың теңге игерілді.

Аппаты  жағдайда3 мектеп: атап  айтқанда: №11, №33, №40. Олардің ішінде №33 және №11 мектептердің ЖСҚ дайын болды.

 

Аудан мектептерін көмірмен  қамтамасыз ету:

2016 жылға аудан мектептеріне 7943 тонна көмір сатып алу үшін Тараз қаласындағы «Көмір Сауда» ЖШС – мен келісім шартқа отырылды, көмірдің  мектептерге жеткізу уақыты - 2016 жылдың қырқүйек айына дейін. Келісім шарт сомасы- 86 млн. 562 мың тенге.

Жалпы мектептер туралы айтатын болсақ: аудан мектептерінің 38- типтік, 11- ыңғайластырылған, 1 аусымда – 12 (16092 оқушы), 2 ауысымда – 37 ( 10646 оқушы), 3 ауысымды  мектептер жойылды. 49 мектептің 49 – де медициналық кабинеттері бар. Мектептер бойынша барлық компьютерлер  саны – 2175 дана 1- компьтерге  - 12 оқушы, интернетке қосылған мектептер саны – 49.

Аудан мектептерінің  материалдық – техникалық  базасының  жағдайын  нығайту:

 2016  жылы Қордай ауданы мектептеріне 19 класс комплект «5+1» компьютерлерін сатып алу үшін «GEO MAX» ЖШС-мен келісім шартқа отырылды, келісім шарт сомасы- 13 млн. 237 мың тенге. Компьютерлерді мектептерге жеткізу уақыты - 2016 жылдың қырқүйек айына дейін.

Аудан мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары:

           Қордай ауданы әкімдігінің білім бөліміне 2016 жылғы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту щеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №16 орта мектебіне – 41650,0 мың.теңге, №12 орта мектебіне - 46143,0 мың.теңге. «А.Е.М.» ЖШС-мен отырылган келісім шарт бойынша нақты жұмсалынатын қаржы №16 орта мектебі бойынша – 40870,9 мың.теңгені, ал «Алира сервис компани» ЖШС-мен отырылган келісім шарт бойынша №12 орта мектебіне – 40418,3 мың.теңгеніқұрайды.

           Қазақстан Республикасының ұлттық қоры есебінен №5 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 32741,0 мың.теңге қаржы бөлінген. «Айсері и К» ЖШС-мен отырылган келісім шарт бойынша қаржы– 32247,9 мың.теңгеніқұрайды.

 Жергілікті бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №16 орта мектебіне – 4628,0 мың.теңге, №12 орта мектебіне -5128,0 мың.теңге, №5 орта мектебіне – 3638,0  мың.теңге қаржы бөлінген. Келісім шарт бойынша қаржы №16 орта мектебіне – 4632,1 мың.теңге, №12 орта мектебіне - 4596,2 мың.теңге, №5 орта мектебіне – 3575,3 мың.теңгені құрайды.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру:

2016 жылы Қордай ауданы бойынша жалпы білім беретін 49 мектеп- 100 пайыз барлығы компьютерлендірілген, телефон  байланысы орнатылған, Интернет желісі орнатылса, оның ішінде 27 (55 %) ADSL кең арналы Интернет желісіне қосылған. Ауданның  42 мектебі 125 интерактивті тақталармен жабдықталған.

Педагог кадрлармен қамтамасыз ету:

Аудан мектептерінде 2601 мұғалім жұмыс істесе, оның 2326  (89,4%)  -  жоғары білімі бар,  275 (10,6%)  орта кәсібі білімі бар.

Аудан бойынша 289 (11,1 %)  жоғары санатты, 697 (26,8 %) мұғалім 1-ші  санатты, 880 (33,8 %)  2- ші санатты педагог және 735 (28,3 %) санатсыз педагог жұмыс істейді.

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің

білім бөлімі басшысы                                                         Қ. Райымқұлов