Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бос тұрған лауазымдарға конкурс жариялайды.

         1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080417, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасу ауылы, Школьная көшесі, №4.
Негізгі қызметі: жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.      
        2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №11 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080421, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс-2 ауылы, Батыс көшесі №56.
Негізгі қызметі: негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.      
       3. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080408, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Жеңіс көшесі №110.
Негізгі қызметі: жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру       
        4. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №30 Қақпатас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080414, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылы, С.Мейірман көшесі 40.
Негізгі қызметі: жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.          
        5. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080429, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылы, Жылыбаев көшесі, №5.
Негізгі қызметі: жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.      
        6. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №45 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080406, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бәйтерек ауылы, Абай көшесі, №8.
Негізгі қызметі: негізгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.      
        7. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Масаншы ауылында балалар және жасөспірімдер шығармашылықорталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080421, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылы, Мәңгілік ел көшесі, №17.
Негізгі қызметі: қосымша жетілдіру,  білім беру бағдарламаларын іске асыру.
         8. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің «Достық» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі.
Орналасқан орны (пошталық мекен-жайы): индекс 080426, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы, Алтын Орда көшесі,  №181 А.
Негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын тәрбиеленушілердің меңгеру үшін жағдайларын жасау.
Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Қосымша білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырады, оқушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
         Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың  және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
         Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
       Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
        Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.  
Бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттар қабылдауды жүзеге асырады:
 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
       2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
       3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
      6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Қызметтік еңбекақысының көлемі еңбек өтіліне байланысты, 197465 теңгеден 227030  теңгеге дейін.
Құжаттарды қабылдау басталатын күні: 2021 жылғы 6 желтоқсан.
Құжатарды қабылдау аяқталатын күні: 2021 жылғы 14 желтоқсан.
Конкурс өткізілетін орны: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі №275, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің ғимараты.
Бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттар қабылдауды жүзеге асырады:
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.
Құжаттарды қабылдайтын орын: пошталық индекс 080400, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі №275, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің ғимараты, кадр жұмысының кабинеті және ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны 8-/726-36/-2-22-34, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .