ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.


"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан «Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметініңүлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі конкурс өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі оқыту ұйымдар «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Егер мектепке дейінгі ұйым жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда құжаттарды мөрмен куәландыру талап етілмейді.
20. Ұсынылған өтініштерді Комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпарат:
1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады, оған Комиссияның төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін Комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқарламасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.
Әлеуетті жеткізушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасы бойынша құжаттарды сәйкес келтіреді.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия орындар санын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Комиссияның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілілген шешімі отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы шешім;
2) осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешім.
20-1. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.

20-2. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.
Ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса, дұрыс деп есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, білім бөлімдерінің өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне жылына бір рет мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 19-тармағының 7) тармақшасында көзделген өтініш пен құжаттарды ұсынған жағдайда отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.
20-3. Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушылар құжаттар жиналған пакетті Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі №273 мекен-жайда орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсыруы тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2022 жылы 20 сәуір күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі Қордай ауылы . Жібек жолы көшесі №273 орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» КММ –нің конкурстық комиссиясыменен өткізіледі.
Пакеттер 2022 жылғы 27 сәуір күні сағат 15 - 00-де ашылады.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 /726 36/ 2-10-43 телефоны арқылы алуға болады.