№42 ОМ 22.02.2019 жыл
Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысы Айхимбеков Азамат Амангелдіұлы, жергілікті полиция қызметі бөлімше басшысының орынбасары Мамыт Олжас Бақытұлы, Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Самакова Гульмира Батыралықызы және мектеп инспекторлары мен психологтарының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге №34, 38, 39, 40, 41, 42, 43 мектептерінің 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары, ата-аналар, қамқоршылық кеңестерінің және ата-ана комитеттерінің төрағалары (төрайымдары) шақырылып, қатысты.
Аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастырылуымен 21 ақпан күні №24 орта мектепте «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу - басты міндет» тақырыбында аймақтық кездесу өткізілді. Аталған іс- шараға Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Абдикеримов, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Г.Самакова, КТІЖБ-нің аға инспекторы Ж.Қосжанова қатысып, №23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 36 мектептерінің ата- ана комитеттерінің мүшесі, қамқоршылық кеңесінің төралары (төрайымдары), «қиын» топтағы оқушы, мектеп директорларының құқықтық тәрбие ісі бойынша орынбасарлары қатысты.
№51 ОМ 20.02.2019 жыл
№51 орта мектептің акт залында 20.02.2019 жылы Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.А.Айхимбеков, Қордай аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ басшысы Н.Төлеуишов, Қордай аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция инспекторлары, аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Б.Самақова №51 орта мектеп директоры К.У.нусипбаевамен бірлесе Қордай орталығының №1, 2, 3, 4, 5, 6, 47, 51 орта мектептерінің ішкі істер бөлімінің профилактикалық есебінде және мектепішілі есепте тұратын оқушыларға арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, өткізді.
Кездесуге әр мектептен ата-аналар комитеттерінің мүшелері және мектеп директорларының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі шақырылды.